САЛТАНАТПЕН ТОЙЛАНДЫ

Уақыты: 08.07.2022
Оқылды: 1617
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Еңселі елорда күні мерекесі республикалық деңгейдегі думанға ұласты.

Жетісу облысында да елорда күні түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға толы болды. Мереке аясында аз қамтылған отбасылардың балалары Қапал ауылындағы Тамшыбұлақ және Ақын Сара мұражайларына саяхат жасады. Талдықорған орталық бассейнінде жүзу спортынан әуесқойлар арасында жарыс өтті. 
Салтанатты жиын облыстық     Сүйінбай атындағы филармонияның, «Талдықорған әуендері» фоль-клорлық-этнографиялық ансамблі-нің «Жастар» саябағында өткен мерекелік концертімен түйінделді. Облысымыздың әншілері домбырадан күй төгіп, ән шырқап,  сахнаның сәнін кіргізді.
Облыстың өзге өңірлерінде де бұл мереке салтанатты жағдайда аталып өтті.  

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"