КӨКТЕМГІ ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ

Уақыты: 15.01.2023
Оқылды: 961
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жер құрсауы жібіп, тоң еріген тұста соқа ұстап, жер жыртқан қауым үшін шаруа қыза түсері анық. Соған сәйкес Үкімет көктемгі егісті қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қажетті шараларды қабылдады. Бұл туралы Кербұлақ ауданының әкімі Қанат Есболатовтың төрағалығымен өткен жиында айтылды.

Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық шаралары қаралып, «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының шаруа қожалықтары мен шаруашылық құрылымдарына аз пайызбен ауыл шаруашылық техникаларын лизингке өткізуі, «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының көктемгі дала жұмыстарын өткізуге жеңілдетілген несие беруі сынды мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді. Жиынға Жетісу облыстық ауылшаруашылық басқармасының, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Жетісу облыстық филиалының, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалының, «Күреңбел несие серіктестігі» ЖШС-нің, «АгромашХолдингKZ» АҚ Алматы облыстық филиалының, «Қыран Агро» ЖШС-нің Жетісу облыстық филиалының, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жетісу облыстық филиалының мамандары, ауылдық округ әкімдері, ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің басшылары қатысты.

Жиынның күн тәртібінде 3 мәселе – көктемгі дала жұмыстарының дайындығы, «Аграрлық несие корпорация» АҚ арқылы егістік жұмыстарына берілетін  жеңілдетілген несиені алудың жолдары, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы төмен пайызбен ауыл шаруашылық техникаларын лизингке алу тәртібі, Жетісу облысының құрылуына байланысты мемлекеттік актілерді ауыстыру мәселесі қарастырылды.

Мәди АЛЖАНБАЙ,
Жетісу облысы