Мемлекет басшысының жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстанның Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
Алтай Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Сондай-ақ ол – «Болашақ» президенттік халықаралық білім беру бағдарламасы бойынша Абердин Британ университетінің магистрі.
Еңбек өтілі:
Үкіметте ол әлеуметтік мәселелерге қатысты блоктың басшылығында болған еді.
Сонымен бірге мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстанның Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
Фото: globalnews.kz