Қапы қалмаңыз. «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурс басталды

Уақыты: 03.04.2024
Оқылды: 223
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурс басталғаны туралы хабарлайды.

2024 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» бойынша 3 млн. теңгеден 10 грант берілетін болады.

Мақсат – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекет тарапынан қолдау.

Конкурсқа облыстың 14 жастан бастап, 35 жасқа дейінгі Жетісу облысының азаматтары үміткер бола алады.

Гранттар 5 бағыт бойынша беріледі:

1) «Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;

2) «Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;

3) «Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;

4) «Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;

5) «Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.

 

Үміткерлердің конкурстық өтінімдері 2 сәуір мен 2 маусым аралығында электронды нұсқада tauelsizdik_jetisy@mail.ru поштасына қабылданады.

Қосымша ақпарат пен сұрақтар туындаған жағдайда, байланыс телефоны:
8 (7282) 404-404 (сағат 9.00.-18.00. дейін)

 

Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:

1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық өтінім;

2) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы;

3) жоба бойынша (60 секундтан аспайтын) бейнематериал немесе (10 слайдтан аспайтын) презентация;

4)  3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындар сметасының жобасы;

5) PDF форматындағы зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса);

6) PDF форматындағы жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі болуы тиіс.

 

Фото: gov.kz