ДЕПУТАТ. ЕЛДІ ДЕ, ӨЗГЕНІ ДЕ МЕЗІ ҚЫЛҒАН РОМАН СКЛЯР КЕТСІН

Уақыты: 03.04.2024
Оқылды: 391
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

 

«Елді де, өзгені де мезі қылған Роман Скляр секілді баяғыдан келе жатқандарды орнынан аластайтын уақыт келді. Жалпы, су тасқыны кезінде ақиқаттың өзі бетін ашып бергендей, жергілікті билік өкілдері мен үкіметтің арасында байланыс жоқ екенін байқадық. Сонымен қатар біздегі министрліктердің арасында да тығыз әріптестік орнамаған», - дейді депутат Аманжол Әлтай.


Ол су тасқынымен күресуде төтенше жағдай министрлігі, су министрлігі, ауыл шаруашылығы министрлігі секілді мемлекеттік органдар бір-бірімен келісе отырып, күш біріктіріп жұмыс істеу керек деп санайды.