ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛЕДІ

Уақыты: 03.04.2024
Оқылды: 299
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Су тасқыны болған өңірлерге гуманитарлық көмек жіберу мақсатында «Күшіміз бірлікте!» деген ұранмен Жастарға қызмет көрсету орталығы және AMANAT партиясының облыстық филиалында штаб құрылды.


Көмек көрсетуге алғашқылардың бірі болып аймағымыздағы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері келіп, тұрғындарға қажетті азық-түлік, жеке гигиеналық заттар, оқушыларға құрал-жабдықтар әкелді. Алғашқы көмек сәуір айының бірінші жартысында жіберілмек.

– Игі жұмыс облыстағы аудан-қалаларда да жүзеге асырылады. Аудандарда гуманитарлық көмекті AMANAT партиясының аудандық филиалдары қабылдайды. Қазір әр облыс су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсетуде. Сондықтан біз жинаған тауарлар қай өңірге қатты қажет, сол жерге жібереміз, – деді облыстық «Jetisu jastary» КММ-нің директоры Еркебұлан Ақболатов.