БАС ШАҺАР БЕЙНЕЛЕНГЕН

Уақыты: 20.09.2018
Оқылды: 1251
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

  Облыстық көркемөнер галереясында «Астана – Ұлы Дала Елордасы» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.

 

   ҚР Ұлттық музейі және облыстық көркемөнер галереясы Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырған аталмыш көрмеге Қазақстан бейнелеу өнері өкілдерінің жаңа бағыттағы туындылары қойылды. 
  Бас шаһардың қалыптасуы мен дамуы туралы баяндайтын 42 шығармашылық туынды көрермен назарына ұсынылды. Шарада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің имидждік қызмет басшысы Дәулеткерей Құсайынов алғашқы болып сөз алды. Ол тарихы мен танымы терең елдің еңсесіндей бой түзеген елорданың мерейтойына орай ұйымдастырылған көрменің мазмұны терең екенін атап өтті. 
  Өз кезегінде облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Қалқабаева және белгілі зергер, балалар көркемсурет мектебінің ұстазы Бақтыбай Найзабеков құттықтау сөз сөйлеп, көрмені тамашалаушылар аталмыш туындылардан ерекше шабыт алып, бас шаһардың сұлулығына тәнті бола түсетініне сенімді екендіктерін жеткізді.
Аталмыш көрме бір ай бойы өз көрермендерін күтеді. 

А. ОРАЗБАЕВА,
облыстық көркемөнер галереясының  бөлім меңгерушісі