КЕГЕН АУДАНЫНДА БЫЛТЫР 797 АДАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

Уақыты: 29.03.2022
Оқылды: 1630
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Кеген ауданында мемлекетіміздің «Нәтижелі еңбекпен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында көптеген жұмыс жүргізіліп келеді. 

Ең негізгісі, жұмыссыз жандар еңбекке тартылып, жағдайларын жақсарта түсті. Өткен жылы аудан бойынша 1809 адам жұмыспен қамту шараларына тартылды. Оның ішінде, 797 адам тұрақты жұмысқа, 701 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. 602 адам қоғамдық жұмыстарға, 36 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді.

Өткен жылдың ішінде аудан бойынша 50 адам кәсіптік білім алды. Олар негізінен Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжінде, облыстың қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледждерінде оқыды. Оқуын аяқтап, әртүрлі мамандық алып шыққан 39 азамат тұрақты жұмысқа орналасып кетті. 11 азамат қайтарымсыз мемлекеттік грант алды. Аудан бойынша «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша 114 азамат оқып шықты. 115 азаматқа «Жаңа бизнес» идеяларын іске асыруға арналған 67 миллион теңге қайтарымсыз мемлекеттік гранттар төленді.

Әртүрлі жұмыс орындарын ашуға бекем белін байлаған 32 азаматқа 121 миллион теңге шағын несие беріліп, қолдау көрсетілді. Жалпы, мемлекеттік грант және шағын несие алушылардың ішінде төрт түлік мал өсіруді, мал бордақылауды қолға алған азаматтар бар.

Қанат БІРЖАНСАЛ

Кеген ауданы

Алматы облысы