ЖӘРДЕМАҚЫ ҰЛҒАЯДЫ

Уақыты: 14.06.2022
Оқылды: 1167
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы брифинг өтті.

Брифингте «Мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу, қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» жайындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің пилоттық жобасын қалай іске асыру керектігі айтылды.
Облыстық еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Ботабекова өз баяндамасында «Статистика бойынша 2022 жылы облыста мүгедектер саны 67596 адамды құрады. Бұл халықтың жалпы санының 3,2 пайызы. Оның ішінде, 1-топта 6368, 2-топта 270643, 3-топта – 24 216 адам тіркелген. Ал мүмкіндігі шектеулі деп танылған балалар саны –  9369, оның ішінде мүгедек бала 3108, 1-топ 1062, 2-топ 1955, 3-топ 3244» деп атап өтті.
2021 жылғы 12 қазанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселесі мен толықтырулар енгізу туралы «№67- 7 Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Яғни, 7 жастан бастап балалардың мүгедектік топтарын айқындау, жәрдемақы мөлшерінің тобы бойынша саралау көзделді. Заң жүзеге асырылған күннен бастап 7 және 16 жастағы мүгедек балалар «бала-бала» санаты бойынша МӘС бөлімдері автоматты режимде жүргізді. Сонымен қатар 7-18 жас аралығындағы мүгедек балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы мөлшері артатын болды:
Мүгедектіктің I тобы үшін – 1,92 ең төменгі күнкөріс деңгейі;
II топ үшін – 1,59 ең төменгі күнкөріс деңгейі;
III топ үшін – 1,4 ең төменгі күнкөріс деңгейі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"