АСТАНАДА ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ЖАҢА ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Уақыты: 26.12.2022
Оқылды: 1913
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Астанада заңды тұлғаларға арналған жаңа Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Орталық кеңсесі Тұран көшесі, 37/9 мекенжайы бойынша орналасқан.

Бұрын заңды тұлғалар әдеттегі цифрлық кеңселерде қызмет алатын. Енді олар қызметтерді бөлек орталықта ақылы түрде ала алады. Кезекте күтудің қажеті жоқ. Жаңа орталықтың ашылуымен басқа ХҚО-дағы кезектер де азаяды. Заңды тұлғаларды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"