Жетісудың құрдасы Егіз ханшайым туған күндерін атап өтті

Уақыты: 09.06.2023
Оқылды: 1121
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Жетісу облысының құрдастары егіз ханшайым туған күндерін атап өтті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Polisia.kz сайтының ақпаратына сүйеніп.

Өткен жылы 8 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде үш жаңа облыс құру туралы жарлығы күшіне енді, оның бірі Жетісу өңірі болды.

Бұл күні Талдықорған полициясының учаскелік инспекторы Нұржан Жайламысовтың отбасында да қуанышты жайт атап өтіледі. Оның жұбайы Нағима беделді полицейге екі егіз қыз – Дәрия мен Нурияны сыйлады. Бүлдіршін қыздар Жетісу облысында 2022 жылы 8 маусымда дүниеге келген 42 нәрестенің ішінде жалғыз ғана егіз бала болды.

Ал кішкентай ханшайымдардың туған күнін тойлау полиция қызметкері үшін есте қалатын оқиғаға айналды. Себебі облыстың құрылғанына бір жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты шараға отбасы мүшелері қатысты. Егіз қыздары бар ата-аналарға Жетісу өңірінің басшылығы мен әріптестері атынан сыйлықтар табысталды.