БИЛІК БАСЫНА ЖАҢА КӨЗҚАРАСТАҒЫ ӘДІЛЕТТІ АДАМДАР КЕРЕК - ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ

Уақыты: 22.09.2022
Оқылды: 1297
Бөлім: РУХАНИЯТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Үндеуінде алдағы өтетін сайлаудың халқымыз үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Ол арқылы елдің бүкіл саяси жүйесіне түбегейлі өзгеріс енгізілмек. Әрбір Президенттің өкілеттілігі 7 жылмен шектелмек.

Бұған дейін де тиімді саяси реформа жүзеге асып, республика көлемінде референдум өткізілді. Конституцияға үлкен өзгерістер енгізілді. Заң – бәрімізге ортақ. Сол себепті тәртіпке бағынып, Заңды орындауымыз қажет. Билік басына жаңа көзқарастағы әділетті адамдар келуі керек.

Қазіргі таңда Жаңа, Әділетті Қазақстанды құрамыз деп жатырмыз. Оны жасайтын – өзіміз. Елдегі өзгерістердің бәрі – Жаңа Қазақстанды құру жолында жасалып жатқан игі қадам. Болашаққа ашылатын жарқын жол. Алдағы сайлау әр адамның президенттікке үміткер болуына мүмкіндік туғызып отыр. Сондай-ақ, саяси партиялардың бәсекелестігін арттыруға мүмкіндік жасалмақ. Бұл көпшілік көңілінен шығып отыр.

«Мен Мемлекет басшысы ретінде сайлау науқаны қатаң түрде заңға сәйкес өтетініне кепілдік беремін. Оны отандық және шетелдік байқаушылардың қатысуымен әділ әрі ашық өткізетін боламыз. Барша азаматтарымызды жауапкершілігін сезініп, демократия, заң және тәртіп қағидаттарын берік ұстануға шақырамын. Еліміздің бірлігі мен тұтастығын көрсете білейік. Халқымыздың тағдыры, Қазақстанның болашағы әрқайсымыздың қолымызда. Біз Әділетті Қазақстанды бірге құрамыз!» – деді Мемлекет басшысы халыққа Үндеуінде.

Президенттің жарқын бастамасын қолдап, қазақстандықтар сайлауға белсене қатысады деген ойдамыз.

Ерболат ТҰРЫМБЕТОВ,

Алматы облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы