ҚАЗАҒЫМНЫҢ НАНЫН СҮЙІП СОСЫН ЖЕДІМ

Уақыты: 23.02.2023
Оқылды: 2086
Бөлім: РУХАНИЯТ

«Екі күн, екі түн сырт киімсіз судың астында тұрдық. Жаңбыр құйып тұр. Жарық өшкен. Дүниені түнек басты. Құтқарушылар келгенімен бізге жол жабық. Қазағымнан көмек келді. Қазақстанның нанын берді. Қазағымның нанын бірінші сүйіп сосын жедім»

Бұл  – Түркиядағы апаттан аман қалған Мұстафа Өзтүріктің туған ағасы Рүстемнің қызы Хатидже апамыздың сөзі. 

Шеттегі қандасымыздың мұндай жан толқытар жып-жылы сөзімен Түркияға барып арнайы репортаж жасап жүрген танымал журналист Қанат Тілеухан әлеуметтік желіде сүйіне бөлісіпті.

 "Хатайда болған апаттан аман қалды. Алайда зілзала екі сіңлісін бақилық етті. Түркияға барып жасаған арнаулы репортажымыздың бір кейіпкері осы апамыз. Мұстафа Өзтүрік ағамыздың үйінде апаттан жарақат алған адамдар емделіп жатыр екен. Сол үйде де болдық. Қазақты жүрегі жарылғанша сүйген қайран ердің шаңырағы қам көңіл қазағына пана", деп жазды журналист. 

 

Фото: ашық дереккөздерден