МҰҚАҒАЛИ ОҚУЫ ӨТТІ

Уақыты: 13.02.2023
Оқылды: 682
Бөлім: АРДЫҢ ІСІ

Жетісу облыстық С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Мұқағали оқулары өтті.   
«Әдебиет – ұлт жанының айнасы» атты кітап оқуды дамыту жобасы аясында өрнек тапқан байқау ақынның туған күніне орай ұйымдастырылды. 
Байқауға Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бас маманы Еркін Ғафу, «Білім» гуманитарлық-техникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Риза Қабазова, №12 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айжан Жетембаева, №18 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әйгерім Жадырашова қазылық етті.
Жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары 2 аталым бойынша бақ сынасты. Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу бағытында өткен «Поэзия» аталымында  І дәрежелі дипломмен  Әлия Батырбек марапатталып, үздік деп танылды. Ал, оқушылардың ақындық қырын паш еткен «Өлең деген тумайды жайшылықта» аталымында жақсы арнау жазған Ақпейіл Қали үздік деп танылып, І дәрежелі дипломды еншіледі. 
Айта кетерлігі, байқауға қатысқан барлық оқушылар мен жетекшілері Алғыс хаттармен марапатталды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"