ҚҰРБАН ШАЛУ – ЖАРАТҚАНҒА ЖАҚЫНДАУ

Уақыты: 08.07.2022
Оқылды: 1372

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жетісу облыстық бас имамы Алмас Данағұлов әрбір мұсылман үшін қасиетті саналатын Құрбан айт мерекесінің мән-маңызын арнайы брифингте түсіндіріп өтті.

Мұсылманның 5 парызының бірі саналатын құрбан шалу қоғамдағы теңсіздікті жойып, мұқтаж жандардың отбасына қуаныш сыйлауды мақсат етеді. Сондықтан оның діндегі мағынасы Жаратқанға жақындау дегенді білдіреді. Яғни, жақсылық жасау арқылы Алла тағаланың ризашылығына ие болу – әрбір мұсылманның мақсаты. Осыған орай биылғы малдың бағасы 60 мың теңгеден басталады. Сонымен қатар, «Құрбан – 2022» деген арнайы сайт арқылы мал союға онлайн тапсырыс беруге болатынын жеткізген имам, Талдықорған қаласында үш жерде – Жетісу мешітінде, Еркін ауылдық мешітінде және Алматы–Талдықорған күре жолының бойында орналасқан қалалық мал сою алаңында құрбандық шалынатынын атап өтті. Малды қасапшылықты меңгерген мамандар сойып, жіліктеп, тапсырыс берушінің қолына ұстатады. Сойылған етті мал иесі мұқтаж отбасыларға өзі тарата алады немесе қала мешіттеріне өтініш берген жандарға беруіне болады.

Брифингтің сұрақ-жауап бөлімінде журналистер қойған сауалдарға жауап берген дін маманы облыс бойынша Құрбан айт намазы таңғы сағат 6.30-да оқылатынын, арапа күні таң намазынан кейін басталатын Аллаға мадақ айту дұғасы – ташдиқ тәкбірі айттың соңғы күні екінді намазына дейін айтылатынын жеткізді. Ал, құрбандыққа шалынатын қой мен ешкі 1 жасқа, ірі қара 2 жасқа толуы шарт. Құрбандыққа жасы 5-тен асқан түйе лайық. Ұсақ мал бір адамның атынан шалынса, ірі қара мен түйені 7 адам бірлесіп шалады.

М. ӘСЕТҰЛЫ
Сурет ғаламторан алынды