ОРАЗА КЕСТЕСІ ШЫҚТЫ

Уақыты: 14.03.2023
Оқылды: 2367

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2023 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

Қасиетті Рамазан айы 23 наурызда басталады. Қадір түні 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түнге түсіп тұр. Ал Ораза айт – 21 сәуір.

Ескеретін жайт, мүфтият діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті.

Астана, Алматы, Шымкент қалаларына арналған 2023 жылдың ораза кестесін назарларыңызға ұсынамыз.

Фото: ашық дереккөзден