Тоқаев: Салт-дәстүрімізбен тығыз сабақтасқан дәстүрлі исламды қадірлеу өте маңызды

Уақыты: 29.05.2023
Оқылды: 1013

Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен V республикалық имамдар форумы өтуде. «Имам – ізгі қоғам жаршысы» тақырыбында басталған жиында  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтау хатын Мемлекеттiк кеңесшісі Ерлан Қарин оқып берді.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы ҚМДБ баспасөз қызметі дерегіне сүйене отырып хабарлайды.

Президентттің құттықтау хатында дәстүрлі исламды дәріптеу керектігін атап өткен.

«Ислам – руханиятымыздың тірегі. Ата дініміз ізгілік пен адамгершілікке, жанашырлық пен жасампаздыққа негізделген. Осындай асыл құндылықтар қоғамда тұрақтылық пен татулықты нығайтып, елімізді өркендету ісінде айрықша рөл атқарады. Сондықтан салт-дәстүрімізбен тығыз сабақтасқан дәстүрлі исламды қадірлеу өте маңызды. Адамзат өркениеті ғылым мен технологияның дамуымен ғана шектелмейді. Ұлт сапасын жақсартамыз десек, руханият саласына баса мән беруіміз керек. Мүфтият ел тағдырына айрықша ықпал ететін осы жауапты жұмысқа белсене атсалысып келеді», - делінген Президент құттықтауында.

Фото: muftyat.kz