ОРАЗА: БИЫЛҒЫ ПІТІР-САДАҚА КӨЛЕМІ ҚАНДАЙ?

Уақыты: 27.04.2019
Оқылды: 2996

Биылғы Рамазан айында берілетін пітір-садақаның көлемі бекітілді. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мəлімдеді.

Биылғы Рамазан айы 6 мамырда басталады «Пітір-садақаның көлемі - 300 теңге. Бұл - пітір садақаның ең төменгі мөлшері. Бұл мөлшерден асырып, көбірек беруге де болады, - деп жазды Ағабек Қонарбайұлы "Facebook" парақшасына. - 6 мамыр - оразаның бірінші күні. Биыл 30 күн ауыз бекітеміз. Қасиетті Қадір түні - 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн. Ал 5 маусым - ораза айттың бірінші күні. Рамазан айының басталуын нақты анықтау шариғи үкімдер мен астрономиялық есептер негізінде жүзеге асады. Алғашқы кезеңде мұсылмандар жаңа туған айды көзбен көретін».

Сурет ғаламтордан алынды

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"