БИЗНЕС ИДЕЯСЫН ҚОРҒАҒАН КӘСІПКЕРЛЕР МЕМЛЕКЕТТЕН ҚОМАҚТЫ ҚАРЖЫ ИЕЛЕНЕДІ

Уақыты: 09.12.2022
Оқылды: 1988
Бөлім: ОН САУСАҚ

Алматы облысында кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік гранттар беруге қаражат қарастырылған.

Ұлттық жобаны іске асыруда, оның ішінде, жаңа бизнес-идеялар үшін шағын бизнес субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру бойынша аймақтық үйлестірушісі Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы болып саналады.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланды. Өтінімдер 2022 жылдың 21-25 қарашасы аралығында қабылданды. 1141 өтінім түсті, соның ішінде, қабылданғаны – 712, қайтарылғыны – 429 өтініш.

2022 жылдың 2 желтоқсанынан бастап конкурстық комиссияның отырыстарында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант алуға үміткер кәсіпкерлерден өтінімдерді іріктеу басталды. Өтініш берушілерді тыңдау нәтижесінде одан әрі қаржыландыру жобалары анықталады.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"