Перде тігетін келіншек

Уақыты: 15.07.2023
Оқылды: 2099
Бөлім: ОН САУСАҚ

Бүгінде үй терезесін пердесіз елестету мүмкін емес. Өйткені ол бөлме ішіне сән беріп, көзге әдемі, көңілге серпін береді.

Жеке кәсіпкер Мария Павловская тоқыма бұйымдарын өндіру саласында 2001 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Содан бері істің қыр-сырына әбден қанығып, мол тәжірибе жинады. Нәтижесінде бүгінде Талдықорған қаласындағы ең ірі және сәнді салондардың біріне айналды. «Garden» перделер салонын ашқан кәсіпкер қазір әр тұтынушыға жоғары дәрежеде қызмет көрсетіп, ел алғысына бөленуде.    

Сондай-ақ, кәсібінің тасы өрге домалап, сұраныс беретіндер көбеюде. Сол себепті кәсіпкер бизнесін кеңейтуді мақсат тұтты. Осыған байланысты «Банк ЦентрКредит» АҚ-да «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы шеңберінде пайыздық мөлшері субсидияланған және «Даму» қорының кепілдігі берілген ғимаратты сатып алу үшін несиеге қол жеткізіп, қаражатты пайдаға асыруда.

Біздің салон қызметкерлері көп көңілінен шығып, жоғары дәрежеде қызмет көрсетуге тырысады. Қазіргі кезде халықтың талғамы жоғары. Сондықтан біз мата сапасы мен әртүрлі дизайнға ерекше мән береміз. Өнімдерімізге қызығушылық танытатындар аз емес. Сол себепті тапсырыс беретіндер көп, яғни, өнімге сұраныс жоғары, – дейді Мария Александровна.    

Қазір мұнда 10-нан аса адам жұмыспен қамтылған. Олардың бәрі тәжірибелі әрі білікті мамандар.

Айгүл Байжұмақызы
Талдықорған қаласы
Фото: ғаламтордан алынды