«Ажар» өнімі айшықты

Уақыты: 12.03.2024
Оқылды: 805
Бөлім: ОН САУСАҚ

Талдықорған қаласындағы «Ажар»  ЖШС тігін фабрикасы елдегі бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан іргелі кәсіпорындардың бірі.

Кәсіпорын 1933 жылы құрылды. Ал 1991 жылдан бастап ұжымдық кәсіпорын, 1996 жылы «Ажар» ЖАҚ болып аталып, 2004 жылы «ТФ Ажар» ЖШС ретінде тіркелді. 

«Ажар» қазіргі заманғы сұранысқа сай өндіріс желісін шетелдік құрал-жабдықтармен жаңартып, тұтынушы көңілінен шығатындай жоғары сапада тігілген киімдер шығарып келеді. Фирма бұйымдарының басқа құрастырушылардан айырмашылығы – пайдаланатын  мата сапасының жоғары болуына ерекше мән беретіндігінде.

Фабрикада ерлер мен әйелдерге және барлық жастағы балаларға арналған өнімдер шығарылады. 1992 жылдан бастап кәсіп-орын Қазақстан Республикасының күштік құрылымдарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, содан бері оларға киімдер тігіп келеді. Сонымен бірге ұлттық компаниялар мен кәсіпорындарға арналған киім түрлері, балалар костюмдері, мектеп формасы сияқты бұйымдар шығарады. Өнімдер «QS Azia Septik» ЖШС қауіпсіздік және сапа талаптарына сәйкес сертификатталады.

2022 жылы компания айналым қаражатын толықтыру үшін «Forte Bank» АҚ-нан несие алды. Жобаға «Даму» қоры «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы шеңберінде қолдау танытты. Нәтижесінде сыйақы мөлшерлемесінің 6% мөлшеріндегі бөлігі субсидияланды. 

Айгүл Байжұмақызы
Талдықорған қаласы