Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады

Уақыты: 14.03.2024
Оқылды: 393

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы

"Әз-Наурыздың бастауы - Амал күні құтты болсын! Бұл - халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсін!" - деп жазды Президент өзінің Х парақшасында.

Фото: Ақорда