Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ҚЫТАЙҒА ШЫҒАТЫН АВТОЖОЛДА ҚАТТЫ БОРАН СОҒЫП, ҚОЗҒАЛЫС ШЕКТЕЛДІ

Уақыты: 17.12.2021
Оқылды: 1587

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті Үшарал-Достық бағытындағы жолдың тағы жабылғанын хабарлады.

"ҚазАвтоЖол" ҰК және "Қазақавтожол" ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарламасы бойынша бүгін сағат 11-00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты боран, жол көрінбейді) "Үшарал-Достық" автожолында (84-184 шақырымдары, Көктұма-Достық) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Алматы облысының тұрғындарынан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС-хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұраймыз. Алыс жолға шыққан кезде ауа райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"