ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТ ҚОЙЫЛҒАН. ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ШҰҒЫЛ ХАБАРЛАМА ТАРАТТЫ

Уақыты: 23.09.2022
Оқылды: 1355
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Іле ауданының орталығы Өтеген батыр кентіндегі екі мектепке бомба қойылғаны туралы ақпарат келіп түсті.

Қазіргі уақытта мектеп аумағы қоршалған. Іле ауданы әкімінің баспасөз қызметі желіде Өтеген батыр кентінің екі мектебінде бомба қойлығаны туралы ақпаратты жария етті.

Әкімдіктің мәліметінше, 22 қыркүйекте Іле аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Өтеген батыр кентіндегі №7, №13 мектептеріне жарылғыш заттың қойылғаны туралы хабарлама түседі. Оқиға орнына дереу ауданның жедел қызмет күштері жіберілді.

«Қазіргі уақытта мектеп аумағы қоршалып, іс-шаралар алгоритмге сәйкес жүргізілуде. Қосымша ақпарат іс-шаралар аяқталған соң беріледі. Өтеген батыр ауылының тұрғындары мен қонақтарын сабырлық сақтап, үрейленбеуге шақырамыз», - делінген әкімдік хабарламасында.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"