ЕСІКТЕГІ ЖАНЖАЛ: АУРУХАНАҒА ТҮСКЕН ТӨРТ ЖІГІТТІҢ БІРЕУІ АУЫР ХАЛДЕ

Уақыты: 08.11.2022
Оқылды: 1160
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Еңбекшіқазақ ауданында жанжалдан кейін ауруханаға түскен 4 науқастың жағдайы белгілі болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 5 қараша күні түнде 4 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен.

«1992 жылы туған науқас сол жақ кеудесіне кесілген жарақат алған. Аурухана бөлімінде ем қабылдауда. Жағдайы тұрақты. 1984 жылы туған науқас бас-кеуде тұсына кесілген жарақат алған. Оған операция жасалды. Жансақтау бөлімінде жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Жағдайы өте ауыр. 1987 жылғы науқас бас-ми жарақатын, оң жақ иығынан кесілген жарақат алған. Травматология бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты. Ал төртінші науқас дәрігердің тексеруінен кейін амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді», - делінген басқарма хабарламасында.

Еске салайық, Еңбекшіқазақ ауданында ер азаматтар жанжалдасып, 5 адам ауруханаға түскен еді. Оның бірі көз жұмған.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"