ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУДА

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 685
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қонаев қаласының тұрғындары сайлауға белсенді қатысып жатыр. №949 сайлау учаскесіне Қонаев қаласының 2 және 4 шағынаудандарында тұратын адамдар тіркелген.

Қызмет барысында мекенжайын ауыстырған адамдар саны – 175. Қонаев қаласындағы №949 сайлау учаскесінің төрағасы Анар Әбішева сайлау учаскесінде 7 адам қызмет көрсетіп жатқанын және қала тұрғындарының бұл науқанда өте белсенділік танытып отырғанын сөз етті. Осы уақытқа дейін тіркелген 1737 адамның 20 пайыздан астамы дауыс беріп үлгерген.

Айгүл БАЙЖҰМАҚЫЗЫ

Қонаев қаласы,

Алматы облысы