КЕГЕНДЕ САЙЛАУ КҮНІНЕ ОРАЙ АРЗАН БАҒАДА ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 826
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Республикамыз үшін қараша айының 20 жұлдызы аса маңызды. Тарихи күн десек, артық айпаймыз. Тәуелсіз мемлекетімізде кезектен тыс Қазақстан Республикасы Президентін сайлау өткізіліп жатыр. Сайлау учаскелерінің бәріне келіп, өз таңдауларын жасап жатқан жандарда көруге болады.

Кеген ауданының орталығында дәл осы күні ауылшаруашылық өнімдеріне арналған жәрмеңке ұйымдастырылыпты. Жұртшылық қолайлы бағадағы сапалы ет, картоп, көкөніс түрлерін сатып алып, қуанысып қалды.

Аудандық сайлау комиссиясында болдық. Сайлау комиссиясының хатщысы Болат Молдабаевқа жолығып, біраз жайға қанықтық. Түстен кейінгі сағат 15-00-ге дейін аудан аумағындағы елдімекендердегі 31 сайлау учаскесінде түрлі партия, қоғамдық бірлестіктерден 96 байқаушы, бақылаушылардың болғанын білдік. Олар негізінен «Альянс» ассоциациясынан, «Тамшыбұлақ» қоғамдық бірлестігінен, Алматы облыстық ауылшаруашылығы кәсіподағынан келген бақылаушылар және «Аманат», «Ауыл» партияларынан келген үміткерлердің сенімді уәкілдері екен. Аудан бойынша 18608 сайлаушы тіркелген болса, түстен кейінгі сағат 15-00-ге дейін 12680 сайлаушы өз таңдауларын жасады. Маңызды іс одан әрі жалғасуда. Сайлау қорытындылары кешкі сағат 20-00-ден кейін белгілі болады.

Қанат БІРЖАНСАЛ 

Кеген ауданы,

Алматы облысы