САЙЛАУ КҮНІ ҚОНАЕВТА ЕКІ СӘБИ ДҮНИЕ ЕСІГІН АШТЫ - АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 1537
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстан Президентінің сайлауы күні Қонаев қаласында 2 нәресте дүниеге келді. Жас босанған аналарға перзентханада дауыс беруге жағдай жасалды.

Ел тарихында ерекше маңызы бар осындай айтулы күні үшінші сәбиін дүниеге әкелген Мария Гошкина үшін де бұл – ерекше жағдай.

«Қазақстан азаматы ретінде мен де өз таңдауымды жасадым. Перзентхана қызметкерлеріне алғысым шексіз. Біз ұлымызды Артур деп атауды ұйғардық», – дейді Мария Гошкина.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ