МЫҢБАЕВ АУЫЛЫНДА САЙЛАУШЫЛАР ҮШІН ПАЛАУ ПІСІРІЛДІ - АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 1566
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Мыңбаев ауылында сайлаушылар үшін палау пісірілді.

Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылындағы сайлау учаскесінде дауыс берушілер өздері үшін арнайы пісірілген тегін палаудан дәм татып, маңдайы терлеп шай ішіп, шат-шадыман күйге бөленді. Елдің алды болып дауыс бергендерге дәстүр бойынша кішігірім сыйлықтар беріліп, балаларға түрлі тәттілер мен ойыншықтар тарту етілді.

Ауданның бірқатар елді мекендерінде ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде жергілікті тұрғындар түрлі тауарларды өндірушілердің өзінен арзан бағаға алу мүмкіндігіне ие болды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ