ҚОНАЕВТА БІР ТОП ҚЫЗМЕТКЕРГЕ ПРЕЗИДЕНТТІҢ АЛҒЫС ХАТЫ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Уақыты: 25.11.2022
Оқылды: 1869
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облыстық әкімдігінде Қазақстан Республикасы Президентінің сайлау науқанына дайындық және оны өткізу жұмыстарына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен бір топ азамат мараптталды.

Марапаттау рәсімінде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілегін жеткізді.

– Президент сайлауы өз деңгейінде жақсы өтті. Жұмыстарыңыз көрінбесе де, сіздердің қандай еңбек сіңіріп жүргендеріңізді жақсы білеміз. Қанша күш, уақыт, жігер жұмсап жатсыздар. Бүгінгі ел Президентінің қолынан алған Алғыс хаттарыңыз құтты болсын! Сайлаудың нәтижелі өтуіне халықтың қосқан үлесі зор. Саяси науқанда құқық қорғау органдары, мемлекеттік қызметкерлер жұдырықтай жұмылып, жұмыс атқардыңыздар. Сол үшін сіздерге ерекше алғысымды білдіргім келеді. Қызметте өсіп, өрлеп, еңбектеріңіз табысты да жемісті болсын! – деді аймақ басшысы.

Бұдан соң Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, облыс әкімі аппаратының, ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің, облыстық прокуратура мен полиция, төтенше жағдайлар департаменттерінің бір топ қызметкеріне Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты табыс етілді.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Суретті түсірген - Дмитрий ЕРОФЕЕВ

Алматы облысы