КРЕАТИВТІ ҰСТАЗ ДАУЫС БЕРДІ

Уақыты: 19.03.2023
Оқылды: 791
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорған жұртшылығы жас ғалым Тайыр Тойғұловты жақсы таниды. Қияқтай мұрт қойып, жұртшылықты қызықты тақырыппен үйіріп әкетуді жақсы көретін ұстаз Талдықорған Жоғары Политехникалық колледжінде сабақ береді.

1-4 курстың студенттеріне ұстаздық ететін жас ғалым Қазақстан тарихы, философия, саясаттану, әлеуметтану, дінтану сынды пәндерді оқытып, тәлімгерлерге бүгінгі ғылымның қыры мен сырын үйретеді. Жұмыстан тыс уақытта әлем тарихын, археологияны, этнографияны зерттеп, отандық және әлемдік тарихтың ақтаңдақ тұстарын ашып көрсетумен айналысады.

Бір қызығы, жастардың ғылымға деген құмарлығын Instagram, Tik Tok секілді әлеуметтік желілер арқылы арттыруға болатынын алға тартатын Таир Талғатұлы кванттық және эфирлік физика саласын да меңгеруді ойластырып жүр.
Осындай креативті ғалым бүгін Талдықорған қаласында дауыс беріп, биылғы сайлауға үлес қосуды ойластырыпты.

Мәди Алжанбай,

Талдықорған қаласы