Талдықорғанда “Наурыз керуені” жүріп өтті

Уақыты: 21.03.2024
Оқылды: 270
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Ынтымақ күніне орайНаурыз керуенімерекелік шарасы өтті. Оған 500-ден астам талдықорғандық қатысты

Атан түйеге мінген Абыз бастаған Наурыз-керуен көші шеру жасап, көшелерді ұзына бойлап жүрді.

Жастар саябағынан “Самұрық” этно ансамблінің әсем күйімен жолға шыққан көш орталық алаңға бет түзеді. Әсем ән-күйімен қолпаштап жүрген өнерпаздар көштің сән-салтанатын жарастырды.

Орталық алаңда керуенді М.Төлебаев атындағы оркестр күймен қарсы алып, мерекелік шеру концерттік бағдарламаға ұласты.

"Жетісу-Ақпарат"