Қазгидромет: жауын-шашын тоқтап, температура көтеріледі

Уақыты: 18.04.2024
Оқылды: 316
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Республика аумағының басым бөлігі жауын-шашын тоқтап, күндізгі ауа температурасының көтеріледі. Бұл туралы ОКҚ брифингінде «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова хабарлады.

Оның айтуынша, тек қиыр солтүстікте, шығыс аймақтарда және оңтүстік-шығыс тауларында ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі.

«Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) өтеді. Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанады, күндізгі уақытта найзағай күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді. Термометрлердің бағандары түнде температураның ауытқуын, ал күндіз батыста, оңтүстікте температураның 30 градусқа дейін, елдің солтүстігінде 25 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 23-29 градусқа дейін айтарлықтай жоғарылауын көрсетеді», – деді спикер.