«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда?

Уақыты: 26.02.2024
Оқылды: 296
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Елімізде "Ауыл - Ел бесігі" бағдарламасы бойынша бірқатар жұмыс жүзеге асып, жыл сайынғы жоспар толығымен орындалып келеді. Биыл да бұл бағдарлама арқылы тұрғындар игілік көріп, қуанышқа кенеліп жатыр. Жалпы жобаның мақсаты – инфрақұрылымды жаңғырту арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдарды өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне жеткізу.


«Ауыл – Ел бесігі» аясында республикалық бюджеттен мынадай салалардағы жобалар қаржыландырылады:
білім беру (мектептердің жапсаржайлары, мектептер мен балабақшаларды реконструкциялау)
денсаулық сақтау (алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектілері)
инженерлік инфрақұрылым (су, жылу, газ, электр желілері, жылу, электр нысандары және жабдықтар)
көлік инфрақұрылымы (кентішілік жолдар, көшелерді жарықтандыру)
мәдениет (клубтар, мәдениет үйлері, мұражайлар (музейлер), кітапханалар)
спорт (дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, спорт кешендері және спорт нысандары)
әлеуметтік қамсыздандыру (балаларды оңалту орталықтары)

Бүгінде елімізде 6 286 ауылдық елді мекен бар
Даму әлеуеті жоғары 3,5 мың ауыл іріктеліп алынды, онда ауыл тұрғындарының 93%-ы тұрады

2019-2022 жылдары республикалық бюджеттен 326 млрд. теңге бөлініп, 3,7 мың жоба жүзеге асырылды
Жаңғыртылды:
334 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысан
1,2 мың әлеуметтік инфрақұрылым нысандары
2,2 мыңнан астам көлік инфрақұрылымының жобасы

2023 жылы 800 ауылда 200 млрд теңге көлеміндегі соммаға 1,8 мың жоба жүзеге асырылды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында – 222 жоба
Әлеуметтік саладағы инфрақұрылым – 421
Көлік инфрақұрылымын саласында – 1 182

Сондай-ақ, 2024 жылы бюджетте 179 млрд.теңге қарастырылған. 500-ге жуық ауылдық елді мекендерді қамту, сондай-ақ 1,4 мың инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарлануда.

«Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы іске асырылған сәттен бастап республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі 7 есеге артты.

Фото: Айқын