"Зая кеткен кезеңнен" ажырайтын жолайрық болуы тиіс – Тоқаев

Уақыты: 25.04.2024
Оқылды: 283
Бөлім: МІНБЕР

Мемлекет басшысы су тасқыны – ел басына түскен сынақ екенін, әрі бұл сынақ ендігі жерде ел өмірі үшін маңызды шешімге айналатынын жеткізді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Ақорда дерегіне сүйеніп. 

Жұртымыз ел тағдыры сынға түскен сәтте қайсарлық танытып, ынтымағын сақтай білген. Жанашырлық, тілеулестік сияқты адами қасиеттерді бәрінен биік қойған. Біз тарихтың тағы бір сынағынан өтіп жатырмыз. Бірнеше апта бойы халқымыздың бірлігі мен табандылығы және теңдессіз табиғат апатын абыроймен еңсеру қабілеті сынға түсуде.

Кез келген дағдарыс біз үшін сынақ қана емес. Ол әрқайсымыздың бойымызда бұғып жатқан күш-қуатымыз бен қарым-қабілетімізді ашып, тың мүмкіндіктер береді.

Еліміздің өркендеуіне кедергі келтіретін нәрсенің бәрі, ерте ме, кеш пе, тарих қойнауына еніп, келмеске кетеді. Ендеше, қазіргі табиғат апаты байбаламға салып, өмірден түңілетіндей нәрсе емес. Өсіп-өркендеу жолында түрлі кедергі кездеседі. Бірақ оның артынан жақсылық келеді. Бұл алапат тасқын біз үшін жалған жетістікке алданып, "зая кеткен кезеңнен" ажырайтын жолайрық болуға тиіс", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сурет: gov.kz