"ТАҚИЯЛЫ ПЕРІШТЕ" "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНА АҚ БАТАСЫН АРНАДЫ

Уақыты: 26.12.2020
Оқылды: 1528
Бөлім: МІНБЕР

Ел арасында "Тақиялы періште" атанып кеткен әйгілі киноактер Әлімғазы Райымбеков "Nur Otan" партиясына ақ батасын берді. Бұл туралы "Жетісу" газеті партияның облыстық филиалына сілтеме жасап хабарлады.

Елімізге белгілі тұлға, оның ішінде, қазақстандықтардың есінде "Тақиялы періште" фильміндегі рөлімен есте қалған Әлімғазы Райымбеков атамыздың үйінде "нұротандықтар" болып қайтты.

Партия атынан Талдықорған қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Қ.Кереев ақсақалға келген мақсатын айтып өтіп, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Облыстық сайлауалды бағдарламада алдағы 5 жылда 120 ауылдың 190 мың тұрғынын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, 99 ауылдың 184 мың тұрғынына газ жеткізу, 72 медициналық ұйым, 80 жаңа мектеп пен 25 балабақша салу көзделгенін атап өтіп, үлкен міндеттерді іске асыратындығын жеткізді.

Ауқымды мақсаттарды жүзеге асыру жолында Әлімғазы Сұмағұлұлы атамыз өзінің ақ батасын беріп, сәттілік тіледі. «Күнделікті телеарнадан, газет беттерінен партия жұмысын көріп жүрмін, сайлау кезінде жұмыстарыңыз одан әрі қыза түсті. Бағдарламаларыңызда халықтың көтерген мәселелерінің шешілу жолдары қарастырылғаны көз қуантады, жақсы істердің бастаушысы болып жүре беріңіздер», - деп атамыз өз сөзін қорытындылады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

(«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Сайлау қорының қаражатынан төленді)