АЛМАТЫ МАҢЫНДА ТЫҒЫЛЫП ТОЙ ЖАСАП ЖАТҚАНДАР ӘШКЕРЕЛЕНДІ

Уақыты: 04.08.2021
Оқылды: 1138
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талғар ауданының полицейлері тығылып той жасап жатқандарды әшкереледі. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Талғар аудандық полиция қызметкерлері бас санитар қаулысы талаптарын бақылау және орындалуын қадағалау үшін күнделікті рейдтер жүргізеді. «Ағымдағы жылдың 1 тамызында Талғар аудандық полиция бөлімінің полиция қызметкерлері Тұздыбастау ауылында карантиндік шектеулерді бұза отырып жұмыс істейтін мейрамхананы тапты. Мекемеде 100 адамға арналған той болды. Бұл факт бойынша 59 жастағы той иесінен түсініктеме алынды", - дейді Талғар аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Ринат Бексайынов.

Полиция тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырады және қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды және инфекцияның алдын алуға көмектесуді сұрайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан