ШАМАЛҒАНДА ҚЫРЫҚҚА ТАЯҒАН ЕР АДАМ БАЛДЫЗЫН ПЫШАҚТАП ТАСТАДЫ

Уақыты: 26.10.2021
Оқылды: 1166
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облыстық полиция департаменті тағы бір қылмыстық оқиғаны жариялады.

Қылмыс Қарасай ауданының Шамалған ауылында түнгі сағат 02:00 шамасында болған. «Түнгі сағат 02:15 шамасында 38 жастағы тұрғын отбасылық жанжал кезінде әйелінің сіңлісіне пышақ жарақатын салды. 19 жастағы жәбірленуші ауыр дене жарақатымен ауруханаға түсті. Аталған фактіге сәйкес ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 1-тармағы, яғни, денсаулыққа қасақана ауыр дене жарақатын келтіру бойынша іс қозғалды. Күдікті ұсталған күні қамауға алынды. Бірақ 18 қыркүйек күні тергеу сотының шешімімен қамау үйқамаққа өзгертілді», - делінген полиция хабарламасында. Қазір тергеу әлі де жалғасуда.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"