ТАЛҒАРДА КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ АДАМ ҚАҒЫП, ОҚИҒА ОРНЫНАН ҚАШЫП КЕТТІ

Уақыты: 27.10.2021
Оқылды: 1092
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талғарда 18 жастағы жігітті көлік қағып кетті. Өкінішке қарай, жаяу жүргінші оқиға орнында мерт болды. Ал көлік жүргізуші оқиға орнынан ізін суытқан. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға кешкі сағат 20:30 шамасында Талғар қаласында болған. «Белгісіз көлік жүргізушісі Менделеев көшесімен келе жатып, 18 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жәбірленуші алған жарақаты салдарынан оқиға орнында мерт болды. Іс Қылмыстық кодекстің екі бабы яғни, 345 бабы, 3-бөлігі және 347 бабы бойынша қозғалды. Талғар ауданының полицейлері тергеп жатыр», - делінген полиция хабарлмасында.

Көлік тізгіндеген жүргізушіге адамды абайсызда көлікпен қағып өлтіргені үшін және оқиға орнынан қашып кеткені үшін екі бап бойынша айып тағылды. «Қазір қашып кеткен көлік жүргізушісінің көлігін, өзін іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - дейді полиция өкілдері.

Айта кетейік, жас жігітті көлік қаққан сәт бейнебақылау камерасына жазылған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"