САРЫӨЗЕК ГАРНИЗОНЫНДА ӘСКЕРИ БАЙЛАНЫСШЫЛАР МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

Уақыты: 02.11.2021
Оқылды: 1510
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

31 қазан - Сарыөзек гарнизоны байланыс әскерлерінің құрылған күні. Осыған орай байланыс бөлімшелерінің кәсіби мерекесі аталып өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында біздің алдымызда жаңа тұжырымдама негізінде тегеурінді әскер қалыптастыру міндеті мен әскер машығын ұдайы шыңдап отыру керек екенін айтты.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің барлық әскери бөлімдері мен құрамаларында оқу-жаттығуда да, күнделікті әскери қызметте де үздіксіз жұмыс істеу үшін жауап беретін әскерлер – байланыс бөлімшелері. Олар әскердің күнделікті тыныс-тіршілігін үздіксіз байланыспен қамтамасыз етіп келеді.

Іс-шара барысында бөлім командирі, полковник Ержан Ембергенов байланысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, әскери борышын абыроймен атқарып жүрген әскери қызметшілерді марапаттап, Отан қорғаудағы істері мен еңбектеріне сәттілік тіледі.

- Қазіргі уақытта әскери байланысшылар біздің бөлімде күн сайын жаңа білімі мен тәжірибесін қолдану арқылы кәсіби біліктілікті және жоғары тәртіп пен жауынгерлік әзірлікті одан әрі арттырып, өз үлестерін қосып келеді, - деді шабуылдау бригадасы байланыс қызметінің бастығы, майор Олжас Исаев.

Айта кету керек, қазіргі уақытта олар әскери-техникалық және арнайы тактикалық дайындықты жетілдіру мақсатында жаңа үлгідегі радиостанциялар мен радиорелелік станция көліктерімен, командалық машиналармен қамтамасыз етілген.

Абзал САРТАЕВ,

Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, майор

Кербұлақ ауданы

Алматы облысы