ІЛЕ АУДАНЫНДА АЗАПТАП ӨЛТІРІЛГЕН ЕР АДАМНЫҢ МҮРДЕСІ ТАБЫЛДЫ

Уақыты: 02.11.2021
Оқылды: 1031
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облыстық полиция департаменті тағы бір қылмыстың бетін ашты. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Қылмыс туралы хабарлама Іле аудандық полициясына түскен. Ол жерде Қосөзен ауылындағы саяжайдың біріндегі үйден ер азаматтың азаптап өлтірілген мүрдесі табылғаны жөнінде айтылған.

«Тергеу кезінде қайтыс болған адамның Жәпек батыр ауылының 45 жастағы тұрғыны екені анықталды. Төрт күннен кейін жедел іздестіру шарасы кезінде Өзбекстан мен Тәжікстаннан табыс табу үшін келген 38 жастағы екі тұрғын ұсталды. Олар келтірілген дәлелдерден кейін өз кінәларын мойындады», - делінген полиция хабарламасында.

Қазір екі күдікті кісі өлтіру бабы бойынша тергеліп жатыр. Көрші елдің азаматтары уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"