АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ПАРА АЛМАЙТЫН ОҚУ ОРНЫНА БАС ЖҮЛДЕ БЕРІЛДІ

Уақыты: 03.11.2021
Оқылды: 1162
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысында «Саналы ұрпақ» слетінің бас жүлдесін Сарқан аудандық политехникалық колледжі жеңіп алды.

Қазіргі таңда жемқорлықтың білім саласында дендеп тұрғаны белгілі. Жемқорлықты жою үшін қазір колледж студенттері арасында «Саналы ұрпақ» атты клуб құрылған, оның 4 мыңнан аса мүшесі бар.

- Жас ұрпақты парадан, жемқорлықтан аулақ ұстау керек. Бір жыл бойы сыбайластықпен күресті нығайтуға ат салысқан білім шаңырақтарының үздіктері Талдықорғанда марапаттадық. Бас жүлдені Сарқан аудандық политехникалық колледжі жеңіп алды. Жемқорлық бұл - XXI ғасырдың індеті. Сондықтан, біздің негізгі мақсатымыз жастардың санасын өзгертіп, бойына салауаттылықты ұялатып, жұмыс істеудеміз, - деді «Саналы ұрпақ» слетінің бас жүлде иегері, Сарқан аудандық политехникалық колледжі директорының орынбасары Анаргүл Өмірбекова.

- Студент сессиядан өту үшін мұғалімдері ақша талап етпесін. Әр студент өзінің білімімен сессияны тапсырып, келесі сессияға өтсін деген мақсатта осындай шаралар ұйымдастырып отырамыз. Біз Сыбайластыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен жемқорлықтың алдын алу бойынша бірлесіп жұмыс істейміз, - деді Алматы облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлсара Исағұлова.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"