ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА ЕКІ ҰРЫ БҮЛІКТІ ПАЙДАЛАНЫП, ЛОМБАРД ТОНАҒАН

Уақыты: 23.01.2022
Оқылды: 1081
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қарасай ауданының полиция қызметкерлері бір миллион теңгенің зергерлік бұйымдарын ұрлаған күдіктіні ұстады.

Базарлардың біріндегі ломбард қожайыны Қарасай аудандық полиция бөліміне арызданды. Ол 1 000 000 теңге сомасындағы алтын зергерлік бұйымдардың ұрланғанын жеткізді. Оның айтуынша, есік бұзылған, ұрлық 2021 жылдың 31 желтоқсанынан 2022 жылғы 6 қаңтар аралығында жасалған.

- Жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде із кесушілер бір тәулік ішінде бұрын ұрлық үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған 28 жастағы Қарасай ауданының екі тұрғынын анықтап, ұстады. Олардың бірі ұсынылған дәлелдерден соң 6 қаңтарға қараған түні ұрлық жасағанын мойындап, ұрланған заттарды шығарды, - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жәбірленуші полицейлерге құқық бұзушыларды тез ауыздықтағандары үшін алғыс білдірді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"