АҚСУ АУДАНЫНДА БІР ҮЙІР ЖЫЛҚЫНЫ АЙДАП ӘКЕТКЕН ҮШ ҰРЫ ҚОЛҒА ТҮСТІ

Уақыты: 24.03.2022
Оқылды: 878
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Ақсу ауданында жылқы ұрлады деген күдікпен үш адам ұсталды. Күдіктілерге әзірге 50-ден астам жылқыны қолды қылды деген айып тағылып отыр. Жәбірленушінің бірі - 32 жастағы шымкенттік кәсіпкер.

Алматы облысының полиция департаменті ұсталған үш адам үш ауылдың тұрғыны екенін, олардың екеуі бұрын мал ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.

Зардап шегуші - Ақсу ауданындағы Қызылағаш ауылының маңында шаруа қожалығы бар 32 жастағы шымкенттік кәсіпкер.

Жылқы ұрлығы 2022 жылдың ақпан айында тіркелген. Үйір жылқы екі кезең бойынша ұрланған. Бастапқыда 25 млн.теңгеге бағалаған 32 жылқы жоғалған. Содан кейін тағы 14,5 млн.теңгенің 19 жылқысы қолды болған.

Полиция әзірге ұрланған жылқының 33 басын тауып, кері қайтарды. Қазіргі уақытта ұсталған адамдар қамауға алынды. Күдіктілердің мал ұрлығының басқа фактілерге қатыстылығын тексеруді облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қолға алды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"