Партиялық тыңдау өтті

Уақыты: 05.09.2017
Оқылды: 1307
Бөлім: ТҮПСАНА

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының мәжіліс залында Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген міндеттер мен тапсырмаларды іске асыру барысында атқа­рылып жатқан іс-шаралар туралы партиялық тыңдау өтті.

Елбасы өзінің бағдар­ла­малық мақаласында сая­­­­си реформа мен эко­номикалық жаңғыруды қол­­ға алғанымызды айта келіп, рухани жаңғырудың оның өзегіне айналуы тиіс екендігін атап өткен бола­тын. Яғни, біздің санамыз қай кезде де ісімізден озып жүруі, әрі жаңғырып отыруы тиіс. Осы орайда атқарылып жатқан ілкімді істер ел игілігіне жарауда.

Күн тәртібіндегі мәсе­леге қатысты бірнеше об­лыстық басқарма басшы­лары баяндама жасады. Атап айтсақ, ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев өңірі­мізде өткізіліп жатқан ша­ра­ларға жан-жақты тоқ­талып кетсе, тілдерді да­мыту жөніндегі басқарма басшысының міндетін ат­қарушы Гүлнәр Бітебе­кова «Қазақ тілінің латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшуі жобалары» туралы маңызды мағлұматтармен таныстырды. Мәдениет, мұ­ра­ғаттар және құжат­тама басқармасының бас­шысы Ақан Әбдуалиев «Жа­һан­дағы заманауи қазақ­стан­дық мәдениет» жобасы ая­сында, ал туризм бас­қар­масы басшысының мін­детін атқарушы Бақытжан Ораз­баев «Киелі жерлер гео­графиясы», «Туған жер» жо­ба­лары төңірегінде атқа­рылған жұмыстар туралы баяндады. Жастар ресурс­тық орталығы дирек­торы­ның орынбасары Жандос Байқамитов жаста­рымыз­дың руханиятқа қосқан үле­сін көрсетіп кетті.

«Нұр отан» партиясы об­лыстық филиалы төра­ға­сының бірінші орын­баса­ры Ғалиасқар Сарыбаев өз сө­зінде:

– Мемлекет пен ұлт құ­рыш­тай құйылып, қатып қал­­ған дүние емес. Ол, Елбасымыз айтқандай, үн­е­мі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Тірі ағза өмір сүруі үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы қажет, – деп жиылған көпшіліктің көкейінде жүрген сауал­дарына жауап беруге дай­ын екендігін білдірді.

Шараға облыстық, ау­дандық, қалалық мәс­ли­хат­тың депутаттары, об­лыстық мекеме, депар­тамент басшылары, зиялы қауым БПҰ төрағалары, аумақтық партия фи­лиал­дары төрағаларының бірін­ші орынбасарлары, үкі­меттік емес ұйымдардың өкілдері және «Жас отан» ЖҚ мүшелері мен БАҚ өкіл­дері қатысты.

Мұхтар КҮМІСБЕК.