ӘЛЕМДІК ҮРДІСКЕ ОҢ ҚАДАМ

Уақыты: 14.09.2017
Оқылды: 1445
Бөлім: ТҮПСАНА

Жаңа әліпбиге көшу – өте маңызды мәселе. Соның алғашқы қадамы  Парламент қабырғасында жасалды деуге болады.
Елбасы айтқандай, қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Осы бағытта тілдің халықаралық мәртебесін көтеру – әлемдік өркениетке жетуіміздің айқын жолы. Сондай-ақ,  жаңа әліпби бүкіл әлем қазақтарын біріктіретін болады. Түбі бір түркі дүниесі латынды қолданатындықтан бізге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейту қажет. Латынға көшудің түпкі идеясы да осы болып табылады. 
Ұлттық сана-сезіміміз, рухани дамуымыз, өркендеу жолымыз, осының барлығы қазақ тілінің жаңа әліпбиін жасаудан бастау алады. Латын әліпбиіне көшкеннен кейін, жаһандану дәуіріне ену де анағұрлым жеңілдей түспек.  
Латын тіліне көшу арқылы ғылым саласы бойынша  әлемдік кеңістікке шығуға мүмкіндік туар еді. Техниканың тілін еркін меңгерген мамандарымыз көп болады. Тілді реформалау еліміздің экономикалық, әлеуметтік жағынан да өрлеуіне жол ашары анық.

Әлмұхамбет ИМАНБАҚОВ, 
облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік 
орталығының директоры.