Еркіндік айғағы

Уақыты: 17.10.2017
Оқылды: 2093
Бөлім: ТҮПСАНА

Тіл – мемлекет тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін білетін халқымыз оны ұлттың жанына балайды. Себебі, тіл – халықтың  кескін-келбеті, ұлттық болмысы.

Адамды асыл мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Тіл – еркіндіктің айғағы, тәуелсіздікпен егіз ұғым. Онсыз егемендіктің құны бәсең. Ана тілі мен баба үні – тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Қазақ елі еркіндікке қол жеткізгелі ширек ғасыр болды. Осы уақыттың ішінде мемлекетіміз қарыштап дамып, әлемге әйгіленді.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Бұл тұста Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақтың болашағы – қазақ тілінде», – деп алдымызға айқын жол ашып берді. Бізге тек осы ұстанымды жүзеге асыруға бар күш-жігерді салып, еңбек ету керек. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы – біз, яғни қазақ жастары. Демек, біздің міндетіміз – қазақ тілінің мәртебесін асыру болмақ. Нұрсұлтан Әбішұлының: «Қазақпен қазақ қазақша сөйлессін», – деген ұлағатты сөзін ескермей кету мүмкін емес. Сондықтан, баға жетпес қазынамызды қастерлеп, болашаққа аманаттауға міндеттіміз.

Г. Таубаева,
Талдықорған қалалық әділет
басқармасының инспекторы.