ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ТҮСІНДІРІП ЖҮР

Уақыты: 18.10.2017
Оқылды: 1165
Бөлім: ТҮПСАНА

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес құрылған «Жаңа әліпби – жаңа дәуір бастауы» атты облысымыздың ақпараттық түсіндіру жұмыс тобы аймақ бойынша насихаттау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алғаш болып Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек,Түрген, Азат ауылдарында және Есік қаласында болды.

 

Жиналғандарға топ мүшелері Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сайлау Қожағұлов, аталған университеттің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, философия докторы Айна Рахимова, «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары, топтың белді мүшесі Жұматай Оспанұлы, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Туғанай Рахымберлина латын әліпбиінің өзектілігін айтып, көшудегі басты ұстанымдарға тоқталып, одан кейін болатын өзгерістерге тоқталды.

Белсенді топ алдағы уақытта облысымыздың басқада өңірілерінде кездесулер өткізбек.