"ҚАҚЫРЫП-ТҮКІРМЕСІН": ТЕКЕЛІНІҢ ӘКІМІ МОНУМЕНТТІ ТАЗА ҰСТАУҒА ШАҚЫРДЫ

Уақыты: 08.05.2020
Оқылды: 1076
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Бүгін Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев өз қолымен тарихи ескерткішке тазарту жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға үлгі-өнеге көрсетті.

Арнайы қорғаныш киімін киіп, бетперде таққан қала әкімі соғыс ардагерлеріне естелік ретінде орнатылған "ДАҢҚ" монументі маңын тазартты. Игі іске бастамашы болған басшы барша қазақстандыққа үндеу тастады. Ол ардагерлерге деген құрметті сөзбен ғана емес, іспен де дәлелдеп, қоғамдық тәртіпті сақтап, айналаның тазалығына баса мән беруге шақырды.

- Текеліліктерге ескерткішке ерекше құрметпен қарасын дегім келеді. Мынау мәрмәрларды сындырмасын, темекі шекпесін, қақырып-түкірмесін, арақ ішпесін. Бұл Текелі қаласындағы ең қасиетті жер деп айтсақ та болады. Жастар сындырмасын, ұқыппен ұстасын. Текеліде жалғыз ғана ардагер қалды. Оған Жеңіс күнінде құрмет көрсетеміз," - деді Текелі қаласының әкімі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"