КЕШЕ ТАЛДЫҚОРҒАН МЕН ІЛЕ АУДАНЫНДА КОРОНАВИРУС КӨП ТІРКЕЛДІ

Уақыты: 12.07.2021
Оқылды: 1069
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Өткен тәулікте Алматы облысында 85 адамнан коронавирус анықталды. Облыс "сары аймақта". Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Соның ішінде, Іле ауданында 20, Талдықорған қаласында 19, Талғар ауданында, Қарасай ауданында – 10, Қаратал ауданы мен Текелі қаласында 5 жағдайдан, Балқаш және Жамбыл аудандарында 3 жағдайдан, Алакөл, Еңбекшіқазақ аудандарында 2 жағдайдан, Ескелді, Көксу, Райымбек, Сарқан және Ұйғыр аудандарында 1 жағдайдан тіркелді. Сондай-ақ, бір тәулікте 8 адам жазылып шықты.

Ауруханаларда 910 адам ем қабылдауда, оның 29-ның жағдайы ауыр. Жұқпалы аурулар стационарларындағы орындар 48,9 пайызға толған. Бір тәулікте 95 адам ауруханаға ем қабылдауға жатқызылды. Ауруханалардағы жалпы жатын орындары саны – 1860.

Соңғы үш күнде 5656 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді. Науқастармен қарым-қатынаста болған 37 адам анықталып, барлығы үй карантиніне және медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 440 143. Соның ішінде, өткен күні екпе алғандар саны – 5654. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 241 985. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 1608.

"Құрметті жетісулықтар! Вирустың таралуын тоқтату үшін әрқайсыңыздан бұрынғыдай адамдар көп жиналатын орындарға барудан мүмкіндігінше бас тартып, үйде болып, сыртқа шыққанда бетпердеңізді дұрыстап тағып, әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауды сұраймыз.

Вакцина коронавирус жұқтырған жағдайда, дерттің асқынып кетуінен қорғайды. Нәтижесінде, адамдарға ауруханаға жатудың қажеті шамалы болады. Және екпе алғанда, өлімге әкелетін қайғылы жағдайларды айтпағанның өзінде, коронавирустың ол адамдардың өкпесіне түсіп кетуінен сақтайды.

Екпе – ағзаның қорғаныс қабілетін нығайтады! Бұл өзіңіз бен жақындарыңызды қауіпті індеттен сақтау үшін өте маңызды!" - делінген облыс әкімдігі таратқан хабарламада.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"